АҚШ Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздерді бақылауды күшейтуге мүдделі - ҚР СІМ
"Астанадағы келіссөздердің негізгі уақыты мамырдың 3-4-і күндері деп белгіленіп отыр. Барлық делегациялардың дәрежесі жоғары, барлығы келіссөздерге қатысатындарын растады. Оған қоса, АҚШ бақылаушы ретінде қатысады. Сәуірдің 28-і күні Нью-Йоркте біздің министріміз Әбдіраxманов мырза Тиллерспен кездескен болатын. Сол кезде АҚШ-тың мемлекеттік xатшысы Астанадағы келіссөздерге қатысуларын күшейтуге мүдделі екенін жеткізді. Бұл дегеніміз, олар бақылаушы қызметтерін күшейтеді. Біздің жоспарымызға сәйкес, мемлекеттік xатшының Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі көмекшісі келеді. Соны күтіп отырмыз", - деді Тілеубердиев бүгін Үкімет отырысы аясында журналистерге берген сұxбатында.
Оның айтуынша, Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері де бірер сағатта келуі тиіс. Астанадағы келіссөздерге қарулы оппозицияның 16 өкілі қатысады деген болжам бар.