АҚШ: Атлантада қарулы ер адам 5 кісіні атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атлантадан 30 шақырым жерде орналасқан Дугласвиль қаласында қарулы ер адам 5 кісіні атып тастады, олардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Би-би-си.

АҚШ: Атлантада қарулы ер адам 5 кісіні атып тастады

Алдын ала болжам бойынша, тағы екеуі жараланған.

Оқ атқан адам да жараланып, жапа шегушілермен бірге ауруханаға жеткізілді. Оның не себепті мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.