АҚШ әуе күштері Иракта 16 әскери техниканың көзін жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың әскери әуе күші (ӘӘК) «Ислам халифаты» лаңкестік тобы мүшелеріне әуе соққысын жасап, 16 әскери машинаны жойды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС АҚШ Орталық басқаруына сілтемемен.

АҚШ әуе күштері Иракта 16 әскери техниканың көзін жойды

Шабуыл сейсенбі күні Мосул қаласының маңында жасалды.

Айта кетейік, АҚШ президенті Барак Обама 8 тамыз күні әуе соққысын жасау туралы шешім қабылдаған болатын. Ақ үй басшысының айтуынша бұл әуе соққысы америкалық қызметкерлерді қорғау және ирак-күрд әскерлеріне көмек көрсету үшін қажет болған.