АҚШ Әуе теңіз күштерінің тікұшағы апатынан екі адам ажал құшты

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Әуе теңіз күштерінің MH-53E Sea Dragon тікұшағы Виргиния штаты аумағындағы жағалауда апатқа ұшырады.

АҚШ Әуе теңіз күштерінің тікұшағы апатынан екі адам ажал құшты

Таратылған мәліметке қарағанда, теңізден төрт адам құтқарылды, алайда оның екеуі көз жұмды. Бесінші адам із-түссіз жоғалған.

Апаттың себебі әзірге белгісіз болып отыр. Тікұшақ дағдылы жаттығу мақсатында әуеге көтерілген көрінеді.