АҚШ Ауғанстанда лаңкестерді жеңу мақсатынан бас тартпақ емес - Обама
АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Құрама Штаттар Ауғанстанда лаңкестерді жеңу мақсатынан бас тартпақ емес.
Бұл туралы кеше АҚШ Президенті Барак Обама Атлантада (Джорджия штаты) американдық соғыс ардагерлерінің алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті. Американдықтар мен олардың одақтастарының осы бағытта Ауғанстанда атқаратын іс-шаралары «ұзақ және қиын болады», деді Обама өз сөзінде.
«Ауғанстанда біздің алдымызда бұрынғысынша күрделі ығыттар күтіп тұр, дегенмен, американдықтардың бұл бағытта да прогреске қол жеткізілетінін және біздің мақсаттарымыздың айқын және қолжетімді екенін білгендері өте маңызды», деді Ақ үй басшысы.
Президент сондай-ақ лаңкестікпен тек ауған аумағында ғана емес, шекараның ар жағында - Пәкістанда да күресу керектігін айтты.
Ирактағы оқиғаларға тоқталған Обама, елде қазір мүлдем басқа жағдай қалыптасып отырғанын айтты. «Келесі айдан бастап біз Ирактағы операцияның мазмұнын өзгертеміз: әскери операциялардан Ирактың қауіпсіздік күштерін жаттықтыруға көмектесуге ауысатын боламыз», деді ол. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.