08:05, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ Ауғанстанға қосымша контингент жөнелтеді
ВАШИНГТОН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – АҚШ Президенті Барак Обама Ауғанстанға ол елде орналасқан американ контингентіне қосымша күш ретінде 18 мың әскери қызметкер жөнелту туралы шешім қабылдаған.
Обама, елдегі әскери күштің күшейтілуі Ауғанстандағы ахуалдың нашарлауымен байланысты екенін мәлім етуде. АҚШ Президентінің пікірінше, ел мұқтаж болып отырғандай «стратегиялық назар» Ауғанстанға әлі күнге дейін аударылмай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Көктемде Ауғанстанға теңіз жаяу әскерінің бөлімдері жіберіледі. Ал жазда оларға армия бөлімшелері қосылады. Қазір Ауғанстанда қызмет етіп жатқан АҚШ әскерилерінің саны 30 мыңнан асады, ал басқа елдердің коалициясының әскері ? 38 мыңнан астам.