АҚШ аукционында орта ғасырларда шыққан алтын монеталар 6 млн. долларға сатылды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Heritage аукционында танымал нумизмат Эрик Ньюманның жинаған көне монеталары 6,1 млн. долларға сатылып кетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
14-16 қаңтар аралығында өткен аукцион барысында Ньюманның бірнеше ондаған елден жинаған 2 мыңнан аса монеталары сатылымға шығарылды.
Олардың ішінде 1612 жылы Зальцбург қаласында соғылған 14 дукаттық алтын монета 211 мың долларға өтіп кетті. Оның бетінде архиепископ Маркус Зиттих фон Гогенэмстің портреті бейнеленген.