АҚШ ауруханасында атыс болып, 5 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тағы Оклахома штатының Талса қаласындағы ауруханада атыс болып, бес адам қаза тапты. Олардың арасында оқ атқан адам да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.
None
None

Полиция қызметкерлері оқиға болған Киелі Франциск ауруханасына жеткенінде қарулы шабуылшы мерт болған. Әзірге аты-жөні белгісіз ер адам мылтық пен тапаншамен қаруланған.

Полиция бастығының орынбасары Эрик Далглиш атыс кезінде төрт бейбіт тұрғын мен оқ атқан адамның қаза тапқанын, сондай-ақ көптеген адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Полицияда шабуылдың не себеп болғаны жайлы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, Ақ үй басшысы америкалықтарды Техас штатындағы мектепте атыстан кейін қарулы зорлық-зомбылықты болдырмауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар