АҚШ ауруханасында жатқан қазақстандық кадеттің жағдайы жақсарып келеді

АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - АҚШ ауруханасында жатқан жерлесіміз Данияр Имамбаевтың жағдайы жақсара бастады. Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ ауруханасында жатқан қазақстандық кадеттің жағдайы жақсарып келеді

Еске сала кетейік, АҚШ-та ұшқыштар дайындау бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 21 жасар Данияр Имамбаев қыркүйектің 25 күні Мельбурн қаласында бассейнге батып кеткен. Дереу құтқарылған ол ауыр жағдайда Мельбурндағы ауруханалардың біріне жеткізілген еді. Соңғы күндері ол өздігінен демалып, есін жия бастаған.

Оның денсаулығын ауруханада «Эйр Астананың» ұшқыштар дайындау бағдарламасының жетекшілері мен туған әкпесі қадағалап отыр.