АҚШ азаматы 636 миллион доллардың джекпотын ұтып алды
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Mega Millions лотереясы бойынша АҚШ-та 636 миллион доллардың ұтысы жүзеге асырылды.
Бұл елдің тарихында көлемі бойынша екінші джекпот болып отыр.
Әзірге, осы қомақты ұтыстың иесі белгісіз екен.
2012 жылдың наурызында дәл осы лотерияда АҚШ тарихындағы ең үлкен джекпотты, яғни 640 миллион долларды ұтып алған еді.