АҚШ азаматы КХДР-да тыңшылық жасағаны үшін 10 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Корей Халықтық Демократиялық Республикасында ұсталып, қамауға алынған ұлты кәріс АҚШ азаматы Ким Дон Чхольді елдің Жоғарғы соты тыңшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады ТАСС.
Америка азаматы КХДР-ның солтүстік-шығысындағы Расон сауда-экономикалық аймағында ұсталды. Ол мұнда кәсіпкерлік және қайырымдылық қызметке қатысу сылтауымен жүрген. Ол Оңтүстік Корея барлау қызметінің тапсырмасы бойынша КХДР-да соның ішінде әскери сипаттағы ақпаратты жинаумен айналысып, тұрғындар арасындағы көңіл күй, азық-түлік базарларындағы жағдай туралы мәліметтерді жіберіп отырған.
Ким Дон Чхоль КХДР-ға қарсы жан түршігерлік қылмыстар жасағанын, соның ішінде Пхеньянға қарсы насихат жүргізгенін мойындап, кешірім сұрады және өзіне жұмсақтық танытуды сұрады.
Прокурор барынша қатал үкім шығаруды талап етті. Сот Чхольдің тергеуге көмектескенін, сотталушының шын жүректен өкінгенін және оның жасын ескерді.
Ким Дон Чхоль 19 жасқа дейін Сеулда тұрған, одан кейін Вирджиния штатына көшіп, онда жоғары білім алып, АҚШ азаматығына қол жеткізген.