АҚШ баллистикалық зымыран сынағаны үшін Иранға санкция салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ баллистикалық зымыран сынауға жауапты ирандық компаниялар мен жеке тұлғаларға жаңа санкциялар салды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

АҚШ баллистикалық зымыран сынағаны үшін Иранға санкция салды

Иран 2015 жылдың күзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі қарарын бұзатын орта қашықтықтың баллистикалық зымыранын сынаған болатын.

Жаңа санкция Иранның зымыран бағдарламасына қатысты 11 азамат пен компанияға американдық банк жүйесін пайдалануға тыйым салады. Бұл шешім Иранға қатысты халықаралық санкцияларды алып тасталғаннан кейін қабылданды.