АҚШ: Батон-Руж қаласында үш полицейді белгісіз біреу атып өлтірді - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Расталмаған мәлімет бойынша, АҚШ-тың Луизиана штатындағы Батон-Руж қаласында үш полицейді белгісіз біреу атып өлтірді, деп хабарлады CNN телеарнасы тікелей эфирде.
«Біз үш сақшының қаза тапқаны жайлы мәлімет алдық. Оқиғаның толық мән-жайын білмейміз. Тағы бірнеше полиция қызметкері жарақат алды деген ақпар бар», - деді тележүргізуші.
Кейінірек NBC телеарнасы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқ атқан күдіктінің көзі жойылғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, шілде айының басында полиция Батон-Руж қаласында жасөспірімді атып тастаған болатын. Бұдан кейін Миннесоте штатында тағы бір афроамерикалық полицейлердің қолынан қаза тапты. Осыдан соң қарсылық шаралары басталып, полицейлерге халықтың оқ ату оқиғасы жиілеп кеткен.
8 шілде күні Далласта Ауған ардагері Мика Джонсон есімді азамат полицейлерге оқ атып, 5 адам қаза тапқан еді. Кейін оны бомбаның көмегімен өлтірген еді сақшылар.
NEW: Video of alleged shots fired at officers in Baton Rouge https://t.co/gwv4VmRqse https://t.co/7HGD5AuECW
— CBS News (@CBSNews) 17 июля 2016 г.