АҚШ билігі 170-тен астам Boeing 787 ұшақтары двигательдерінің ақауы туралы мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Федералдық авиациялық басқармасы (FAA) бірнеше ондаған Boeing 787 Dreamliner ұшақтары двигательдерінің ақауларын жою қажеттігі туралы өкім шығарды, деп хабарлады РБК CNN-ге сілтеме жасап.

АҚШ билігі 170-тен астам Boeing 787 ұшақтары двигательдерінің ақауы туралы мәлімдеді

Әңгіме GEnx-1B PIP2 үлгісіндегі двигательдер жөнінде болып отыр. Олардан FAA «(ұшулар) қауіпсіздігі саласы мәселесі» ретінде сипатталған ақау табылды.

«Ұшу кезінде екі двигателдің де сыр беруінің әлеуетті ықтималдығы қауіпсіздік саласының шұғыл шешетін мәселесі болып отыр», - делінген FAA құжатында.

Агенттік директивасы 29 қаңтарда 6 мың шақырымнан астам биіктікте болған Boeing 787 оқиғасын тексеру қорытындыларымен байланысты.

«Қалбағайға мұз қатып, желдеткіш корпусына үйкелуі двигательдің дірілдеуіне соқтырады», - деп түсіндірді CNN-ге General Electric (двигателді шығарушы компания) ресми өкілі Рик Кеннеди.

Агенттік қарастырып отырған жағдайда двигательдің бірі сөніп қалған. Ұшақ екінші жұмыс жасап тұрған двигателімен ойдағыдай қонған.

В FAA «егер проблема жойылмаса, бұл двигательдің ұшу кезінде сөніп қалуына және оны қайтадан тез тұтандыру мүмкін болмайтын жағдайға соқтырады, деп атап өтті.

Агенттік директивасы бүкіл әлем бойынша 29 авиакомпания пайдаланып отырған 176 Boeing 787 Dreamliner ұшағын қозғайды. Олардың 43-ші АҚШ-та қолданылуда, ҒАА басқа елдер де Boeing 787 двигательдерімен мәселеде американдық агенттік үлгісін қолдайды деген сенімде.