АҚШ билігі барлық шетелдік студенттердің визасын тексеруді қатаңдатпақ

Бұл жайында РБК ақпараттық агенттігі жазды.
Аталған шешім министрліктің Бостондағы лаңкестік іс бойынша ұсталған Қазақстан азаматы Азамат Тажаяқовтың елде жарамсыз студенттік визамен жүргендігі анықталғаннан кейін қолға алынған. Визаның жарамдылық мерзімі А.Тажаяқов Массацусетс шататындағы университеттегі сабақтарына баруын тоқтатқаннан кейін шектелген. Дегенмен, бұл ақпарат елге келуге рұқсат берген кеден қызметі қызметкерлеріне берілмеген.
Қазақстандық студент 2013 жылдың 1 мамырында ұсталды. Оған сот айғақ-дәлелдерді жою арқылы тергеуге кедергі келтірді деген қылмыстық айып тағуда. Егер А.Тажаяқовтың қылмысы дәлелденетін болса 5 жылға түрмеге қамалып, 250 мың доллар айыппұл төлейтін болады.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафонында екі жарылыс орын алып, салдарынан 3 адам ажал құшты, 200-ге жуығы жапа шекті. Кейін полиция лаңкестік жасаған екі күдіктіні тапты. Олар АҚШ-та заңды түрде тұрып жатқан Солтүстік Кавказдың тумасы ағалы-інілі Тамерлан мен Джохар Царнаевтар болып шықты. Тәртіп сақшыларымен қақтығыс барысында Т. Царнаев қаза тапты. Ал 19 жастағы Д. Царнаев көп ұзамай қолға түсті. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойы абақтыға тоғытылады немесе өлім жазасына кесіледі.