АҚШ билігі мұнай компаниясына Арктикада бұрғылау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілгенін растады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігі «Royal Dutch Shell» мұнай компаниясына Арктикада барлау және бұрғылау жұмыстарын бастауға рұқсат берілгенін растады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Алдымен компания үстіңгі қабатты бұрғылаумен айналысады, өйткені мұнай төгілген жағдайда ұңғыманы тығындауға қажетті барлық авариялық жабдықтар әзірге жұмыс орнына жеткізілген жоқ. Алдын ала есеп бойынша Алясканың солтүстік-батыс жағалауындағы Чукотск теңізінің бедерінде 15 млрд баррельге жуық мұнай жатыр. Табиғатты қорғау ұйымның белсенділері Royal Dutch Shell жоспарларына наразылық білдіруде, олар Арктикадағы ұңғыманы бұрғылау экологиялық апатқа әкелуі мүмкін деп санайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram