АҚШ билігі өзге планеталықтар туралы құпиялы мәліметтерді жария етті

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ президентінің әкімшілігі өзге планеталықтар туралы құпиялы мәліметтерді жария етті, деп хабарлады bnews.kz порталы.
None
None

Ақ үйдің ресми өкілі Фил Ларсонның сөзіне қарағанда, Америка үкіметі өзге планеталық сананың бар-жоғынан бейхабар, деп хабарлайды FederalPress.

Оның ескеріп өткеніндей, АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігінің жерден тыс өркениеттермен еш байланысы жоқ, сондай-ақ өзге планеталықтардың бар екендігін дәлелдейтін ақпараттар да болған емес. Оған қоса әкімшілік Америка азаматтарынан басқа планетадан келген келімсектер туралы мәліметтерді жасыру фактілері жөнінде де сенімді мәліметтерге ие емес екендігін жеткізді.

Билік өкілдері президент әкімшілігі Ақ үй сайтының «Біз - халықпыз. Сіздің даусыңыз біздің үкіметте» (We the People. Your voice in our government) атты бөлімінде орналастырылған сұрауға ресми түрде жауап қайтаруға тиіс деген заң бабына сәйкес осындай мәлімдеме жасауға мәжбүр болды. Өз үндеулерінде азаматтар өзге планеталықтар туралы үкіметтік мәліметтерді ашық түрде жариялауды талап еткен болатын. Бір ай ішінде бұл сұрау 17 мыңнан астам қол жинап үлгерген.

Соңғы жаңалықтар