АҚШ билігі Samsung Galaxy Note 7 смартфонын пайдаланудан бас тартуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігі Samsung Galaxy Note 7 смартфонын пайдаланудан бас тартуға шақырды . Бұған дейін компания аккумулятордағы ақауға байланысты телефон сатуды тоқтатқан болатын, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
Американың Тұтынушылар тауарының қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы мәлімдеме жасады. Онда комиссияның оңтүстіккорейлік компаниямен тауарын барынша тез кері қайтарып алуы бойынша жұмыс істеп жатқаны айтылған. Бір күн бұрын АҚШ-тың Федеральдық авиациялық басқармасы жолаушылардан ұшу барысында Samsung Galaxy Note 7-ні пайдаланбауды талап етті.
Galaxy Note 7 өндіруді және сатуды тоқтату, сатылған өнімді кері қайтару өткен аптадла басталды. Оған пайдаланушылардың қуат алу барысында телефонның өртеніп кететіндігін хабарлауы себеп болған еді.