АҚШ билігі үндістерге тарихтағы ең қымбат өтемақыны төлемек

АСТАНА.ҚазАқпарат - АҚШ билігі навахо тайпасына Құрама Штаттардың тарихында үндістерге төленген өтемақының ең көбін - 500 миллионнан астам долларды төлемекші, деп хабарлады «Жаңалықтар» РАА.

АҚШ билігі үндістерге тарихтағы ең қымбат өтемақыны төлемек

Осы шешіммен жарты ғасырға созылған сот процесі аяқталады. Енді Навахо тайпасы АҚШ билігінің Аризона, Нью-Мексико және Юта штаттарының аумағында үндістер қорындағы ресурстарды пайдалануға қатысты талап-арыздарынан бас тартпақ. Навахоның бар жерінің жартысы қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мақсатында газ бен мұнайды өндіруге тапсырылып жатыр.