АҚШ «Боко Харам» ұйымымен күресуге 45 млн. доллар бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ «Боко Харам» ұйымымен күресуге 45 млн. доллар бөлді, деп хабарлайды Reuters.
None
None

Қаржы қорғаныс техникалары мен әсери дайындықты күшейту үшін жұмсалады. Аталған қаражат Бенин, Камерун, Чад, Нигер және Нигерияға жіберілген.

Бұған дейін БҰҰ Балалар қоры - ЮНИСЕФ таратқан мәлімет бойынша «Боко Харам» лаңкестер ұйымының ықпалынан 1,5 млн. бала Нигерияны тастауға мәжбүр болған. Сондай-ақ 265 мың бала Камерун, Чад пен Нигерді тастап кеткен. © AP Photo

Соңғы жаңалықтар