АҚШ: Бостонда атыс болып, төрт адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Бостон қаласының Дорчестер ауданында болған атыстан кем дегенде төрт адам жарақаттар алды. Бұл туралы NBC телеарнасының жергілікті бөлімшесі полиция мәлімдесіне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ: Бостонда атыс болып, төрт адам зардап шекті

Оның дерегінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі алтыда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 04:00) болған. Атыс салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі кезде полиция ешкімді ұстаған жоқ. Болған оқиғаны тергеу жалғасуда.