АҚШ «Бритиш Петролеум» компаниясына 17 миллиард доллардың айыппұлын салуы мүмкін

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Мексика шығанағындағы салтырттығы «Бритиш Петролеум» компаниясына 17 миллиард долларға түсуі мүмкін. АҚШ үкіметі шығанақтағы мұнай тлатформасында болған апат пен соның салдарынан орын алған экологиялық апатқа байланысты британдық компанияның үстінен сотқа шағымданбақ, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

АҚШ «Бритиш  Петролеум» компаниясына  17  миллиард  доллардың айыппұлын  салуы мүмкін

Компания қызметкерлерінің тарабынан салғырттыққа жол берілгені сотта дәлелденсе, «Бритиш Петролеум» компаниясы шығанақ суына аққан мұнайдың әр баррелі үшін - 4 мың 300 доллардан айыппұл, барлығы 17,5 миллиард доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ал егер, салғырттық факті дәлелденбесе, мұнайдың әр баррелі үшін 1100 доллар ғана төлем жасалады.

ВР апат салдарын жоюдың өзіне 8 миллиард доллардай жұмсады. Компанияның жалпы шығыны 30 миллиард доллардан асуы ықтимал.