АҚШ бірнеше күнде 1,3 миллиард долларға «алтын» грин-карта сатқан

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ соңғы күндері елде тұрақты тұруға рұқсат беретін 1,3 миллиард долларға «алтын» грин-карталарды сатты, деп хабарлайды Report.

Trump Gold Card, Donald Trump, USA, visa
Photo credit: Trumpcard.gov

Бұл туралы Американың Сауда министрі Говард Латник мәлімдеген.

Оның айтуынша, сатылым бұл көрсеткішке аз ғана күннің ішінде жеткен. Ол «алтын» грин-карта арқылы заңдастыру қазіргі уақытта АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаментіне 15 000 АҚШ доллары көлеміндегі өңдеу ақысын төлегеннен кейін қолжетімді екенін түсіндірді. Мақұлданса, өтініш беруші АҚШ үкіметіне қосымша 1 миллион доллар төлеуі керек. Билік жасыл картаны жылдам қарап шығуға және шығаруға уәде береді.

Еске салайық, АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметі (USCIS) 19 «проблемалы елден» келген шетелдік азаматтардың грин-карталарын қайтадан тексереді. Оның ішінде Ауғанстан да бар.

Бұған дейін Дональд Трамп Браун университетіндегі атыстан кейін АҚШ иммиграциялық визаларын алуға арналған грин-карта лотереясы бағдарламасын тоқтатқаны туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар