АҚШ БҰҰ алдындағы қарызының бір бөлігін өтеуді жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ үкіметі Конгреске Біріккен Ұлттар Ұйымы алдындағы 5 миллиард доллардан асатын берешегінің 850 миллион долларын өтеуді жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады Anadolu Ajansı.
АҚШ Мемлекеттік департаменті БҰҰ-ның тұрақты бюджетіне жарна ретінде 725 миллион доллар, ал Гаити мен Конгодағы БҰҰ бітімгерлік миссияларына 125 миллион доллар аударуды жоспарлап отыр.
БҰҰ мәліметінше, АҚШ-тың ұйым мүшелігіне байланысты жарналар бойынша берешегі 5 миллиард доллардан асады. Оның 2 миллиард доллардан астамы тұрақты бюджетке, ал 3 миллиард доллары бітімгерлік операцияларға тиесілі.
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы өкілдігі бұл мәселе бойынша түсініктеме беру туралы сауалға бірден жауап бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Канада сауда келісіміне келе алмағаны туралы хабарладық. Вашингтон Канададан импортталатын жекелеген тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр.