АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Алжирдің Газаға қатысты қарар жобасына тосқауыл қойды

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето құқығын пайдаланып, Палестина-Израиль қақтығыс аймағында тез арада атысты тоқтатуды талап ететін Алжир ұсынған қарарға тосқауыл қойды, деп жазды ТАСС.

Газа
Фото: Abed Rahim Khatib/Flash90

Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің 13-і резолюцияға дауыс берді, оның ішінде Ресей мен Қытай, Ұлыбритания қалыс қалды. Осылайша, қарарға жалғыз АҚШ қарсы шықты.

Алжир құжаты палестиналық бейбіт тұрғындарды мәжбүрлеп көшіруді доғаруға және Палестина мәселесін екі мемлекеттің бірге шешуін міндеттеуге баса назар аударады.