АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газада адамдарға оқ жаудыруын айыптаған мәлімдемесіне тосқауыл қойды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторында гуманитарлық көмек үшін жиналған палестиналықтарды Израильдің атқылауын айыптаған мәлімдеме қабылдауына кедергі жасады. Оқиға салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті, 750-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысынан кейін қандай да бір мәлімдеме жасалған жоқ. Израильге қатысты сыни мәлімдемелерді қамтитын қарар жобасы АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі тарапынан мақұлданған жоқ.
Қарар жобасында болған оқиғаға қатысты қатты алаңдаушылық білдірілген.
Құжат барлық тарапты халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды негізгі қызметтер мен гуманитарлық көмекке қолжетімділіктен айырудан бас тартуға шақырады.
Жоба авторлары сондай-ақ шұғыл шаралар қабылданбаса, Газа секторының 2,2 млн халқына әсер ететін өткір азық-түлік дағдарысы қаупі төніп тұрғанын ескертті.
Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Газаға гуманитарлық көмек ағынын жеңілдету үшін Израильді бақылау-өткізу бекетін жаппауға шақырды.
Газа секторында гуманитарлық көмек күткен палестиналықтарға Израиль армиясының жасаған соққысынан қаза тапқандар саны 112 адамға жетті, тағы 760 адам жарақат алған.
Бұған дейін хабарланғандай, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторында көмек күтіп тұрған 100-ден астам бейбіт тұрғынның өмірін қиған шабуылды айыптап, гуманитарлық атысты тез арада тоқтатуға шақырды.