АҚШ бюджетінің дефициті 1,8 триллион долларға жетуі мүмкін
ВАШИНГТОН. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - «Ассошиейтед Пресс» агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылы АҚШ федералдық бюджетінің дефициті 1,8 триллион долларға жетуі мүмкін.
Талдаушылар салық түсімі 18 пайызға төмендейді деп күтуде, бұл - 1932 жылдан бергі рекордтық құлдырау. Ұлттық берешектің көлемі қазірдің өзінде 11 триллион АҚШ долларынан асып отыр.
Ал ел үкіметі болса, келесі жылы елдің ішкі шығысын 11 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Әскери мұқтаждыққа ағымдағы жылғыдан 4 пайызға көбірек қаржы жұмсалмақ. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау жобасы да талқылануда, ол реформаны жүзеге асыруға алдағы онжылдықта 1 триллион доллар қажет.