АҚШ бюджетінің дефициті рекордтық көрсеткішке жетті

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Фискальды жылдың алғашқы үш айының өзінде АҚШ үкіметі бюджеттің 485,2 миллиард доллардай рекордтық дефицитіне жетіп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. АҚШ Қазынашылығының мәліметі бойынша, ал 2008 жылдың желтоқсан айында бюджет дефициті 83,6 миллиард долларды құрады. Дағдарыс жағдайында ел экономикасын ынталандыруға жұмсалған шығысты есептегенде, ағымдағы бюджет жылының қорытынды көрсеткіші 1 триллион АҚШ долларынан асып түседі. Жаңадан сайланған ел президенті Барак Обама қаңтардың 20-сына белгіленіп отырған өзінің инаугурация рәсімінен кейін, құны 775 миллиард долларлық дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруға кіріспек.
Соңғы жаңалықтар