Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ бюджетінің тапшылығы биыл 600 млрд долларға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ бюджетінің тапшылығы биыл 600 млрд долларға жетеді. Ақ үй өкілдерінің болжамы осыған саяды, деп жазады 24.kz.

АҚШ бюджетінің тапшылығы биыл 600 млрд долларға жетеді

Былтырға қарағанда тапшылық 37%-ға өседі. 2015 жылы бұл көрсеткіш 438 млрд долларды құраған еді.

Америка конгресінің мәліметі бойынша, бұл мәселе бюджетке түсетін кіріс көлемінің қысқаруынан туындап отыр. Оның ішінде корпоративті салық төлемдері едәуір азайған.

Айта кетейік, Барак Обама басқарған кезеңде ең ірі бюджет тапшылығы 2009 жылы тіркелді. Ол кезде 1,5 трлн доллар жетпеген еді.