14:22, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
АҚШ дипломаттары Царнаевтың туыстарымен сөйлесу үшін Дағыстанға аттанды
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеудегі америкалық бір топ дипломат бостондық марафон кезіндегі лаңкестік шабуылға күдікті Джохар мен Тамерлан Царнаевтың ата-анасымен сөйлесу үшін Дағыстанға аттанды.
Бұл туралы АҚШ елшілігінің өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Ресей жаңалықтар агенттігі.
«Кеше Мәскеудегі америкалық өкілдіктен құралған топ ресейлік үкіметпен әріптестік шеңберінде (Бостондағы лаңкестікті тергеу бойынша) екі күдіктінің ата-анасымен сөйлесу үшін Дағыстанға аттанып кетті», - деді ол.