04:02, 04 Қыркүйек 2015 | GMT +5
АҚШ дипломаттары мен әскерилердің отбасылары Түркиядан шұғыл кеткелі жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон Түркияда орналасқан америкалық дипломаттар мен әскери отбасыларына «Ислам мемлекеті» экстремистеріне қарсы соғыс қимылдарының күшейтілуіне байланысты елді тастап шығуды ұсынды.

Пентагон өкілі Питер Куктың мәлімдеуінше, Инджирлик авиабазасына жақын жердегі Адана қаласының шет жақтарында тұратын 900-ге жуық адам көшірілуі мүмкін, деп хабарлайды Би-би-си.
« Елді тастап шығу жөніндегі ұсыныс белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты туындап отырған жоқ. Бұл тек қана сақтық шаралары»,-дейді ол.