АҚШ доллары 0,81 теңгеге қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен АҚШ доллары (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) бойынша, есептесуі теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша және есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

АҚШ доллары 0,81 теңгеге қымбаттады

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 311,47 (+0,81 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі -48 250 мың АҚШ долларын (-11 150 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 45,2875 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юань болды.