АҚШ доллары 2,31 теңгеге өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

АҚШ доллары  2,31 теңгеге өзгерді

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы 332,94 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі -  32 700 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде   баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде   баға белгілеулер тіркелген жоқ

- есептесуі АҚШ долларымен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша   мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық   жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір рубльге 5,5559 теңгені құрады, сауда-саттық   көлемі 146 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,85 теңгені (+2,31 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 48 250 мың (-29 450 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар   сәтте сұраным - жылдық +13,0000 %, ұсыным - жылдық +3,0000 %   болды.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық   +6,3628 % құрады, сауда-саттық көлемі 684 900 тыс. USD болды

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға   белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.