АҚШ долларының бағамы 316,57 теңге болып бекіді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 316,57 теңге болды.

АҚШ долларының бағамы 316,57 теңге болып бекіді

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 316,56 теңгені (+1,01 тенге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 109 400 мың (+50 400 мың USD).

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.