АҚШ долларының бағасы 317,34 теңге болып бекіді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 21-23 наурыз - Қазақстанда мереке күні болғандықтан және демалыс күнін 18 наурыздан 20 наурызға, сенбіден дүйсенбіге ауыстыруға байланысты USDKZT_SPT, EURKZT_SPT, EURUSD_SPT, USDKZT_0_002 және EURKZT_0_002 құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ.
None
None

Күндізгі сауда-саттық сессиясы қорытындысы бойынша, АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 317,34 теңге болып бекіді.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 317,63 теңгені (-1,39) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 235 400 мың (+99 600 мың).

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар