АҚШ домендік аймақ пен IP-мекенжайды басқаруды әлемдік қауымдастыққа берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ICANN ғаламтордағы мекенжай кеңістігін басқаруды толығымен өз қолына алды. 1 қазаннан бастап АҚШ үкіметі мен халықаралық ұйым арасындағы көп жылдық шарт мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Шарт біткенге дейін ICANN ғаламтордағы мекенжай кеңістігін бақылауды арнайы құрылған IANA ұйымы арқылы жүргізіп келді.
АҚШ үкіметі осылайша домендік аймақтарға бақылауынан айырылды. Тек бір ғана мәселе қалды, ол - қандай да бір даулы жағдай туындаса оны халықаралық сот емес америкалық сот қарайды.