АҚШ дүйсенбіде босқындарды қабылдауды қайта жандандыратын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тыйым күшіне енген бір аптаның ішінде америкалық билік әлемнің түрлі елінен 843 босқынды қабылдаған.
Енді ертең, 6 ақпанда босқындарды қабылдау қайта жанданады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл федералдық сот Дональд Трамптың иммгранттық жарлығын уақытша тоқтатуынан кейін мүмкін болды.
- Біз кейбір босқындар дүйсенбі күні келеді деп күтудеміз, - деді АҚШ Мемлекеттік департаменті. Тыйым салынған бір аптаның ішінде америкалық билік әлемнің түрлі елінен 843 босқынды қабылдаған. Көші-қонға жауап беретін шенеуніктердің анықтауынша, бұл босқындар - Трамптың жарлығы күшіне енгенше қажетті кедендік шараларды жасап үлгергендер.