АҚШ Джеффри Эпштейннің клиенттер тізімін жариялауды жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Конгрес өкілі Анна Паулина Луна бастаған арнайы топ Джон Ф. Кеннедиге жасалған қастандық, 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттер мен Covid-19 вирусының шығу тегін тергеу амалдарымен айналысады, деп хабарлайды The Independent.

Джеффри Эпштейн
Фото: oxu.az

АҚШ Конгресінің жаңа жұмыс тобы бірқатар ұлттық құпияны ашу мәселесін қарастырып жатыр. Жарияланатын құжаттардың қатарында Джеффри Эпштейннің «клиенттер тізімі» де болуы мүмкін.

Клиенттердің бұл тізімінің Эпштейннің бұрын жарияланған «қара кітабынан» айырмашылығы бар-жоғы белгісіз.

Өкілдер палатасы бақылау комитетінің төрағасы Джеймс Комер сейсенбіде бөлімнің құрылғанын хабарлады.

Анна Паулина Луна материалдарды жариялау немесе жарияламау мәселесін шешетін жұмыс тобын басқарады.

Луна Джеффридің мәлімдеуінше, оның командасы Эпштейннің «клиенттер тізімін» жариялаудан басқа, 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттерді, Covid-19 вирусының шығу тегін, Джон Ф. Кеннеди мен Мартин Лютер Кингті өлтіруді және беймәлім ұшатын нысандары зерттейді.

- Бұл ашықтық пен ақиқатқа деген ұмтылыс табанды ұмтылыс болады және біз Америка халқы тиісті жауап алмайынша, тоқтамаймыз, - деді Конгресс өкілі.

Луна топ жұмысына республикашылдар да, демократтар да қатыса алатынын атап өтті.

Бір ай бұрын Трамп Джон Ф. Кеннеди, сенатор Роберт Кеннеди және Мартин Лютер Кингті өлтіруге қатысты құжаттарды құпиясыздандыру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл қадам Эпштейннің құпия клиенттер тізімін де жария ету үндеулеріне әкелді.

Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн атақты адамдар мен мемлекеттік қызметкерлерді өзінің жеке аралына әкелумен танымал, ол кәмелетке толмағандарды сексуалдық саудаға салғаны үшін тергеуде болды.

2019 жылы ол федералды түрмеде жатып өзіне қол салды. 2024 жылдың қаңтар айының басында АҚШ соты оның ісіне қатысты мың бетке жуық сот құжаттарын жариялады.

Осыған дейін АҚШ Сенатының Тулси Габбард пен Роберт Кеннедиге дауыс беретіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар