АҚШ: Эбола дертінің тарауы күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Африкада Эбола дертінің тарауы күшейеді, деп есептейді АҚШ-тың аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығында.
None
None

Американың Денсаулық сақтау министрлігінің агенттік директоры Том Фриден індетпен күресу үшін біраз жұмыс істеу керектігін айтты.

Бейсенбі күні Ганада бұл мәселені талқылау үшін Батыс Африка елдерінің денсаулық сақтау министрлері кездеседі.

ДДСҰ ақпаратынша, биыл Эбола дертінің салдарынан 1400 адам қаза тапты.

ДДСҰ өкілдері атап өткендей, бұл - тарихта болған Эбола індетінің ең ауқымдысы. Оның әсері 2600 астам адамға тиді.

Ең көп жапа шеккен - Либерия. Онда жыл басынан індет салдарынан 624 адам ажал құшты.

Соңғы жаңалықтар