АҚШ экономикасы 2009 жылдың соңына қарай қалпына келе бастайды - Федералды резервтік жүйенің басшысы

ВАШИНГТОН. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің төрағасы Бен Бернанке Конгреске ағымдағы жылдың соңына қарай ел экономикасы қалпына келе бастайтынын,

АҚШ экономикасы   2009 жылдың    соңына қарай   қалпына  келе   бастайды -  Федералды  резервтік   жүйенің басшысы
оң өсу көрсеткіштеріне қол жеткізетінін айтып уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Экономикалық жандану үрдісі баяу және әркелкі жүретін болады. Федералды резервтік жүйенің пайымдауынша, компаниялар адамдарды жұмысқа алуда әлі ұзақ уақыт сақтық танытатын болады. Осыған байланысты жұмыссыздық деңгейі 9 пайызға дейін өседі деп күтілуде. «Ассошиейтед Пресс» агенттігінің мәліметтері бойынша, дағдарыс басталған 2007 жылдың желтоқсан айынан бері АҚШ-та 5,1 миллиондай жұмыс орны қысқартылған.