АҚШ экономикасын ынталандыру жобасы 825 миллиард долларға түседі

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Барак Обама мен оның кеңесшілері әзірлеп отырған ел экономикасын ынталандыру жобасының құны шамамен 825 миллиард долларды құрайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа жоспар бойынша алдағы екі жыл бойына салықты 275 миллиардқа қысқарту және федералдық шығыстарды 550 миллиард долларға арттыру қарастырылған. 87 миллиардтай сома рецессия кезеңінде кедейлердің медициналық қызметпен қамтылуына жұмсалатын болады. Мемлекет жұмыссыздарды медициналық сақтандыруға 39 миллиард доллар субсидия аудармақ. 100 миллиардтан астам долларды білім саласына жұмсау жоспарланған. Сонымен бірге инфрақұрылымдық және ғылыми-техникалық жобаларға, оның ішінде электр желілері таратқыштарын жаңарту мен энергияның балама көздерін дамытуға шығыстар қарастырылған. АҚШ-тың Өкілдер палатасының демократиялық мүшелері бейсенбі күні осынау құны жағынан аса қымбат заң жобасын қабылдау үдерісін жеделдетпек ниеттерін жария етті. Палата спикері Нэнси Пелози ханым, заң жобасы ақпан айының ортасына қарай президентке қол қоюға берілетінін айтты.
Соңғы жаңалықтар