18:50, 02 Маусым 2009 | GMT +5
АҚШ экономикасындағы ең жоғарғы өсім франчайзинг бизнесінде байқалуда ? Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары
АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -АҚШ-та франчайзинг бизнесі 30 триллион долларды құрайды. Мұны Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары Кевин Милас бүгін Алматыда өткен «Қазақстандағы франчайзинг» ІІ Халықаралық форумында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет үшін франчайзинг ? бұл экономикалық өсім. Франчайзингтік компаниялар ел экономикасының өркендеуіне үлкен үлес қосады. Мәселен АҚШ-та франчайзингтің арқасында 11 миллион адамға жұмыс орны ашылып, қызметкерлердің айлығын төлеуге 2,8 миллиард доллар жұмсалады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орнын ашу франчайзингтің арқасында 10-15 пайызға ұлғаяды. Соңғы 10 жылда франчайзинг бизнесі жыл сайын 9 пайызға өсуде. Бұл елдің барлық саласындағы ең жоғарғы өсім», деді Кевин Милас. Оның айтуынша, франчайзинг Қазақстанда да маңызды рөл атқаратын болады. Мәселен, Мысырда ол 1973 жылы пайда болды. 4 жылдан кейін Мысыр инвесторлары жаңа зауыттар сала бастады. Мейрамхана бизнесін дамыту, картоп және тағы басқа да азық-түлік өнімдерін дайындауға бағытталды. Ал кейін өздерінің асханасын әлемге таныту үшін батыс елдерінің озық тәжірибелерін меңгеріп, бұл бизнесті қарқынды дамытып оның жемісін жеуде.