АҚШ экономикасының өсуі баяулады

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат -  АҚШ президенті Барак Обама өз әкімшілігінің ел экономикасын қалпына келтіру әрекеттерінің әзірге жемісін бермей отырғанын мойындады.

АҚШ экономикасының өсуі баяулады

Бұл туралы Ақ Үй басшысы Миннесота штатында сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Жуырда Еңбек министрлігі таратқан мәліметтерге сәйкес, елдегі жұмыссыздық деңгейі мамыр айында 8,2 пайызға жеткен, ал, экономиканың ауыл шаруашылығынан тыс салаларында бастапқыда болжағандай 150 мың емес, 69 мың жұмыс орындары ашылды. Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны соңғы жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды. Жұмыссыздық жөніндегі мәліметтер АҚШ-тағы сайлау додасына әсер етері сөзсіз. Өйткені, сайлауға демократтар атынан түсетін Ақ Үйдің қазіргі басшысы Барак Обама мен Митт Ромни де сайлау додасында экономика мәселелерін басты тақырып ретінде алмақ.