АҚШ экс-президенті Картерге ота жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің бауырына ота жасалды, делінген оның өкілі Дианна Конжилеоның мәлімдемесінде. Бұл туралы Associated Press жазды.

АҚШ экс-президенті Картерге ота жасалды

Мемлекеттің бұрынғы басшысына америкалық Атланта қаласындағы ауруханада ота жасалды.

Құжатта аталып өтілгендей, ота сәтті жасалды, экс-президент тез айығып кетеді деп күтілуде.