АҚШ елдің ішкі ісіне араласуы туралы Иранның айыптауын теріске шығарды

ВАШИНГТОН. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Барак Обаманың Әкімшілігі Ислам республикасының ішкі ісіне араласуы туралы Иранның айыптауын теріске шығарды,

АҚШ   елдің  ішкі ісіне   араласуы  туралы  Иранның айыптауын    теріске  шығарды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Өткен аптада президенттік сайлаудан кейін орын алған тәртіпсіздіктерге орай, АҚШ-тың Иранның ішкі ісіне араласуына «жол жоқтығы» туралы ресми наразылық кеше, сәрсенбі күні мәлім етілді. Осы мақсатта Иранның Сыртқы істер министрлігіне АҚШ-тың мүддесіне өкілдік етуші Швейцария Елшісі шақырылды. Себебі, 1979 жылдан бері Тегран мен Вашингтонның арасында дипломатиялық қарым-қатынас жоқ. Осының алдында ғана АҚШ Президенті Барак Обама «Иранның ішкі ісіне Вашингтонның араласуы не демократия ісіне, не АҚШ-тың беделіне пайда әкелмейді» деп мәлімдеме жасаған болатын. Дегенмен америка басшысы Ирандағы президенттік сайлаудағы дауыс берудің әділдігіне келтірілген күмәндерге байланысты тағы да «өзінің терең алаңдаушылығын» білдіріп өтті. Обама, қоғамның соңғы президенттік сайлаудың ресми қорытындысын мойындамауына байланысты елде орын алған тәртіпсіздіктер Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеиге біраз ой салды, деп санайды. Естеріңізге сала кетейік, Хаманеи маусымның 12-сінде өткен президенттік сайлаудағы дауыстардың есептелуінің әділдігін тексеруге нұсқау берді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдардың хабарлауынша, Хаменеи Иран Конституциясының Сақшылар кеңесіне Иранның жаңадан сайланған президенті Махмұд Ахмадинежадтың негізгі қарсыласы реформашыл Мир-Хоссейн Муссауи мен ел президенттігінен үміткер тағы екі кандидат Мехди Карруби мен консерватор Мохсен Резаидан түскен сайлау барысындағы заңбұзушылықтарға жол берілгені туралы шағым-арыздарды егжей-тегжейлі тексеруді тапсырды. Дегенмен, Ирандағы бірінші билікке ие Хаменеи маусымның 13-індегі сайлаудың қорытындысын «Алланың еркі» деп атап, ұлтты Ахмадинежадтың төңірегіне бірігуге шақырған болатын.