АҚШ елшісі қазақ тілін үйреніп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер карантинде қазақ тілін үйреніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы У. Мозер елшіліктің Facebook -тегі парақшасында жарияланды.
«Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын», - дейді елші.