АҚШ Энергетика министрлігінің есебі мұнай бағасына әсер етті

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Энергетика министрлігінің елдегі «қара алтын» қорының азайғаны туралы есебі мұнай бағасына әсер етті,

АҚШ  Энергетика министрлігінің есебі  мұнай бағасына әсер етті

деп хабарлады РБК агенттігі.

Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,62 долларға көтеріліп, 112,40 доллар/баррельді құрады.

Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 1,88 долларға қымбаттап, 94,77 доллар/баррельді құрады.

АҚШ Энергетика министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қоры 18-24 маусымның аралығында 4,4 миллион баррельге азайып, 359,5 миллион баррельді құрады. Талдаушылар мұнай қоры 1,4 миллион баррельге азаяды деп болжаған еді.