АҚШ энергетикалық сусындарға тыйым салуда

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасына санитарлық бақылау басқармасы (FDA) құрамында кофеині бар алкогольді ішімдіктерді өндірушілерге олардың өнімдері заңсыз және адам денсаулығына қауіпті екендігін ескертті, деп хабарлайды Вести.Ру агенттігі.

АҚШ энергетикалық сусындарға тыйым салуда

"Бұл сусындардың құрамында түрлі қоспалар көп әрі федеральдық стандарттарға сәйкес келмейді", - деп нақтылайды AFP агентігі FDA бастығының орынбасары Джошуа Шарфстейн. Оның айтуынша, бұл өнімдерді өндірушілер, соның ішінде Phusion Projects LLC, United Brands Co, New Century Brewing Co және Charge Beverages компаниялары сусынның құрамындағы кофеин мен алкоголь адам денсаулығына зиянсыз екендігін дәлелдей алмады.

"Мұндай сусындарға өнімнің құнарлығын арттыру үшін деген желеумен кофеин қосу тіптен заңсыз", - деп атап көрсетті Шарфтсейн.