АҚШ Федералды тергеу бюросы iPhone телефонын «бұзғаны» үшін 1,3 млн доллардан астам шығынға қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сан-Бернардино атқышы» Саид Фаруктың «iPhone» ұялы телефонын бұзып, заңсыз ондағы ақпаратқа қол жеткізгені үшін Федералды тергеу бюросы (ФТБ) 1,3 млн доллардан астам қаражатынан айырылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Еске сала кетейік, ФТБ Фаруктың телефонын бұзу үшін «iPhone» шығарушы - «Apple» компаниясымен соттасқан болатын. Тергеушілер сот арқылы компанияны ФТБ-ның смартфондағы ақпаратқа қол жеткізуге көмектесуіне міндеттеген.
Сот ФТБ жағында болды, алайда «Apple» шешімге шағымданып, апелляция қорытындысына қарамастан, ФТБ-ның бұл талабын орындамайтынын мәлімдеді. Өйткені, компанияның айтуынша, бұл өз пайдаланушыларының жеке құқығын бұзады.
Компанияны өзге көптеген IT алыптары қолдады, алайда шағымды қарау қажет болмады. Өйткені, ФТБ телефонды өздігінше бұзғанын айтып, өз шағымын қайтарып алған болатын.