АҚШ Федералдық резерві есептік ставканы көтерді, мұнай бағасы құлдырауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық банк функциясын орындайтын АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) есептік ставканы ширек тармаққа - 0,5 пайызға дейін арттырды, деп хабарлады Би-би-си.

АҚШ Федералдық резерві есептік ставканы көтерді, мұнай бағасы құлдырауда

Айта кетейік, есептік ставка 2006 жылдан бері алғаш рет көтеріліп отыр.

Бұл көтеру федералдық қордың нарықтағы ставкалары - яғни банктер бір-біріне бір тәулікте қарыз беретін ставка 0,25-тен 0,5%-ға дейін түрленетінін білдіреді.

ФРЖ өзгерісті жариялағаннан кейін Доу-Джонс индексі 0,5 пайызға өсті.

ФРЖ ставкасы - бұл америкалық банктер елдің орталық банкінен кредит алатын пайыз. 2006 жылғы желтоқсаннан бері есептік ставка деңгейі 0-0,25% аралығында болды.